Оралдық отбасының ақшасын алып кеткен алаяқтар іздестірілуде - ҚР ІІМ

«Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлері оралдық отбасын алдап шақырып, олардың ақшаларын алып кеткен алаяқтардың кім екендігін анықтады. Қазіргі уақытта оларды ұстау шаралары қабылданған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ол.
Алмас Садубаевтың айтуынша, «Нұр Отан» партиясы зардап шеккен отбасыға қажетті барлық көмекті көрсетіп, тіпті емделуі мен тұрған жерлеріне кететін шығынды да төлеп берген.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралы оралдық «шыны баланың» отбасы Шымкентте ақшасыз қалғанын жазған болатын. Белгісіз біреулер сирек кездесетін ауруға шалдыққан баланың отбасын Шымкентке алдап шақырып, ақшаларын қолды етіп, бой тасалаған. Бүгінде жеті баланы өсіріп отырған отбасы көмекті қажет етеді. Балаға өте қымбат емдеу шараларын жүргізу қажет. Баланың анасының банк картасының нөмірі мынадай: Kaspi gold 5169 4931 9076 5696.