16:23, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралдық профессор Ресей риторикалық қауымдастығының мүшелігіне қабылданды
ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі Абат Қыдыршаев Ресей риторикалық қауымдастығының (Мәскеу) мүшелігіне қабылданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ғалым мұндай құрметке шешендіктану ғылымының теориясы мен практикасына байланысты жазған еңбектері нәтижесінде ие болды. Арнайы жолданған куәлікке аталмыш қауымдастықтың төрағасы, А.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Владимир Аннушкин қол қойған. Риторикалық қауымдастықтың 17 филиалы жұмыс жасайды.