18:25, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралдықтар қысты шығарып салу мейрамын атап өтті
ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдықтар дәстүрлі қысты шығарып салу мейрамын атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағында түрлі ойындар көрсетіліп, жұртшылық қызыққа кенелді. Ертегі кейіпкерлері сахнаға шығып, қала өнерпаздары концерт қойды.
Ежелгі славян мейрамы ? Масленицаны түрлі ұлт өкілдері бірлесе тойлап, кәрі қысты бірге шығарып салып, көктемді көңілді қарсы алды.