12:41, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралдықтар соғыс ардагерлерімен кездесті
ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы М.Мәметова атындағы мұражайда ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұражай қызметкері Әлия Еркінғалиева жинақталған материалдармен таныстырса, ауғандық жауынгер Мирболат Жанғалиев, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Фронтовичка» клубының төрайымы Алевтина Митрохина майдан жолдарынан естеліктер айтып, қаруластарын еске түсірді. Кездесуге сондай-ақ ауған жерінде от кешкен Құрманғали Махмұдов, Виктор Гниломедов те қатысты.