09:31, 07 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Оралдың «Ақжайығы» алғашқы ойынында ұтылып қалды
ОРАЛ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» кеше біріншіліктегі алғашқы ойынын Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен өткізген болатын.

Матчтың 5-минутында айдын иелерінен Роман Фролов есеп ашқанымен, көп ұзамай 13-минутта қонақтардан Еламан Әліпқалиев таразы басын теңестірді. Алайда Сергей Мусакаев соққан екі доп қазандықтардың 3:1 есебімен жеңіске жетуіне жол ашты.
Командалар бүгін екінші кездесуін өткізеді.