11:52, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралдың «Ақжайығы» финалдық сайыстарға қатысады
ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобындағы ойындар мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақпанның 28-і күнгі соңғы кездесуінде Самараның ЦСК ВВС командасын 6:3 есебімен ұтқан Оралдың «Ақжайығы» өз тобында ешкімді бет қаратпай, жекедара көш бастады.
Оралдықтар бұдан кейін Богданович (Свердлов облысы) қаласында өтетін финалдық сайыстарға қатысуға аттанып кетті. Онда «Ақжайық» өзге топтардан үздік шыққан командалармен жоғары топқа берілер жолдама үшін бәсекеге түседі.