15:31, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралдың "Ақжайығы" Саратовтың "Универсалын" екі рет ұтты
ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың "Ақжайығы" ақпанның 21-22-сінде Саратовтың "Универсалымен" кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оралдықтар алғашқы ойынында 9:3 есебімен қарсыластарын тізе бүктірсе, екінші кездесуінде 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Қазіргі кезде өз тобында қарсыластарынан оқ бойы алда келе жатқан "Ақжайық" ақпанның 24-25-інде "Знамя" (Воткинск), 27-28-інде ЦСК ВВС (Самара) командасын қабылдайды. Содан кейін наурыз айының басында Богданович (Свердлов облысы) қаласында өтетін финалдық сайыстарға қатысады.