Оралдың «Ақжайығы» «Знамя» командасын тағы да ірі есеппен ұтты

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында дара көш бастап келе жатқан Оралдың «Ақжайығы» «Жастық» стадионында Воткинскінің «Знамя» командасымен өткізген екінші кездесуінде де жеңіске жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жолғы есеп 7:0 есебімен оралдықтардың пайдасына аяқталды. «Ақжайықтың» өз тобында енді бір ғана командамен кездесуі қалды. Ақпанның 27-28-інде ЦСК ВВС (Самара) командасын қабылдағаннан кейін оралдықтар топ жеңімпазы ретінде Богданович (Свердлов облысы) қаласында өтетін финалдық жарысқа аттанады. Онда бірінші лигадағы топтарда үздік шыққан командалар жоғары топқа берілер жолдаманы сарапқа салады.
Соңғы жаңалықтар