20:34, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Оралдың «Грация KZ» командасы қарағандылықтардан басым түсті
ОРАЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасындағы ХХ ел чемпионатының бірінші турында 17 қараша күні оралдық «Грация KZ» «Қарағанды-2»-мен кездесті.
Аға бапкер Көлеңке Ғұбашев жаттықтыратын батысқазақстандықтар бұл ойында 3:0 есебімен жеңіске жетті. Әсіресе, олар үшінші партияда (25:11) айқын басымдылық көрсетті.
Бұл турда Теміртаудың «Спартак-АМТ» командасы үздік өнер көрсетуде. Олар кездесулерінің барлығын да жеңіспен аяқтады. Оралдықтар да әзірше тек осы командадан ұтылды.