Оралхан Бөкей әлемдік деңгейдегі жазушы – драматургтің қарындасы

Бүгін Ұлттық музейде жазушы, драматург Оралхан Бөйкейдің 80 жылдығына арналған «Жасын ғұмыр жазушы» атты көркемсөз кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бөкей Оралхан
Фото: Виктор Федюнин/ "ҚазАқпарат" ХАА

Аталған шараға елорда мектептерінің оқушылары мен ұстаздары, әдебиетшілер және тарихшылар қатысты.

«Бұл кеш аясында жазушының шығармасы және өмірімен танысуға кең мүмкіндік туып тұр. Шараға қатысып жатқан қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Оралхан Бөкейдің шығармаларын талдап көрсетеді. Яғни, басты мақсат – өскелең ұрпаққа драматургтың шығармаларын дәріптеу», - деп тоқталды ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы Саялбек Ғиззатов.

оралхан бөкей
Фото: Виктор Федюнин / "ҚазАқпарат" ХАА

 

Көркемсөз оқу кешіне қатысқан басты қонақтардың бірі – жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызы. Ол ағасы жайлы естеліктермен бөлісіп, Оралхан Бөйкейдің туындылары жастарды ізгілікке баулитынын айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, Оралхан бір облыстың көлеміндегі жазушы емес, әлемдік деңгейдегі қаламгер. 80 жылдық мерейтойын атап өту өзінің туған жері Өскеменде мамыр айында басталды. Ол жыл бойы жалғасады және соңғысы республикалық ақындар айтысымен қортындыланады. Бүгінгі шараға оқушылар мен мұғалімдер қатысып отыр. Бұл өте құптарлық жағдай. Жалпы, жастардың Оралхан Бөйкей шығармаларын оқып, оны насихаттауы 1998 жылдан бастау алады. Жыл сайын жазушының республикалық оқулары, түрлі ғылыми конференциялар өткізіліп келеді. Негізінен Оралханның шығармалары жас буынға жақын. Онда отбасындағы тәрбие, ата-ананың рөлі мен дәстүрлер дәріптеледі», - дейді жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызы.

Соңғы жаңалықтар