Оралхан Бөкей атындағы конкурста өскемендік оныншы сынып оқушысы жеңімпаз атанды

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Өскеменде Оралхан Бөкей атындағы мәнерлеп оқудан XII қалалық конкурстың қорытындысы шығарылды. №16 орта мектептің оныншы сынып оқушысы Азамат Қожабекұлы жеңімпаз атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Екінші орынды шығысқазақстандық гуманитарлық колледжінің студенті Минара Әбітаева иеленді.Негізгі номинациялардан басқа бұл жолы тағы да бірнеше жүлделер тағайындалды. «Көрермен құрметі» жүлдесіне Еркеболат Махтиев, «Актерлік шеберлігі үшін» жүлдесіне Самат Рафхатов ие болды, ал «Мемлекеттік тілді меңгергені үшін» номинациясында Алена Поликова бағалы сыйлық пен дипломды жеңіп алды.
Соңғы жаңалықтар