Оралмандар тек санымызды көбейткен жоқ, сапамызды арттырып, тілімізді байытты- Талғат Мамашев

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біздің шет елдегі қандастарымыз да Қазақстанның дамуына өздерінің үлестерін қосты.
None
None

Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының 1-орынбасары Талғат Мамашев бүгін Алматыда шет елдегі қазақ жазушыларының авторлығымен жарық көрген кітаптардың таныстырылымында айтты.

«Тәуелсіздік жылдары шет елдегі 1 миллионға жуық қандастарымызды көшіріп алдық. Көштің басы 1991-92 жылдары басталған. Одан бері табиғи өсіміне байланысты олардың саны біршама ұлғайды. Оралмандар Қазақстанның аяғынан тұрып, өсіп-өркендеуіне өздерінің үлесін қоса алды. Мәселен, әр жылдары шет елдерден 60-тан астам ғылым докторлары мен 300-ге жуық ғылым кандидаттары көшіп келді. Олардың қатарында бір ғана тарих ғылымдарының докторы Зардыхан Қиянаятұлы ағамыздың өзін айтсақ та жетіп жатыр. Ол кісі осы жылдары қаншама монографиялар жазды. «Шыңғыс хан мен Қазақстан» деген еңбегі қазір қолға түспейтін аса құнды кітапқа айналды», - деді Т. Мамашев. Талғат Асылұлының айтуынша, ел экономикасы, мәдениеті мен ғылым-біліміне үлес қосып жүрген адамдар қазір қоғамның барлық саласында жеткілікті. Мәселен, жақында жарық көрген «Тәуелсіздік жемісі» деген жинаққа өмірбаяны қамтылған 100-ден астам біздің оралман ағайындар енді. Олар әртүрлі сала бойынша жеке-жеке берілген.

Соңғы жаңалықтар