Орамжапырақ ағзаны тазартады - зерттеу

Бұл мамандардың 300-ге жуық қарт адамдардың арасында жүргізген зерттеуі барысында анықталды. Олар зерттеуге қатысушыларға брокколидан жасалған шырынды үш ай бойы күнделікті ішкізіп отырған. Нәтижесінде адам ағзасы екі химиялық заттан: бензол мен акролеиннен арылған. Бензол өкпеге жанармай станциясында түсуі мүмкін, ал акролеин темекі шеккен кезде немесе темекі шеккен адамның жанында тұрғанда пайда болады.
Айқышгүлді көкөністердің (орамжапырақ тектес) құрамында глюкорафанин бар. Ол шайнау барысында сульфорафанға айналып, адам ағзасын тазартады. Зерттеу барысында күнделікті брокколи шырынын ішіп отыру бензолды 61 пайыз, акролеинді 23 пайызға азайтатындығын көрсеткен.
Енді ғалымдар бұл зерттеулерін лас ауаны тазарту үшін пайдаланбақ, деп жазады шетелдік БАҚ.