«Орда» блог-тұғырнамасы байқау өткізуде

Оған қатысушылар бір ай бойы танымал болып, оқырмандарын 1 ай бойы ұстап тұру керек. Блогшылардың рейтингі ай сайын жаңартылып, қайтадан нөлден басталады.
«Ғаламторды қолданушылардың көпшілігі жеке блогты - тұрдым, таңғы асымды іштім, университетке бардым деген деңгейде ғана жүргізеді. Менің пайымдауымша, қазақстандық блогсферада сарапшылар мен көзқарас көзбасшылары жетіспейді. Сондай-ақ аймақтарда авторларға қажеттілік бар. Біздің мақсат - жаңа бастаған талантты блогшыларды тауып, оларға көмектесу», - дейді коммерциялық директор Нұрке Халықберген.
Оның айтуынша, «Орда» блог-тұғырнамасының әкімшілігі шілдедегі байқаудың 3 жеңімпазына : iPad 3 планшеті, AmazonKindleFire электрондық кітапханасы мен iPodnano ойнатқышын әзірлеп қойды. Тамыз айындағы байқау туралы толық ақпаратты www.horde.kz cайтынан білуге болады.