«Ордабасы» «Астанадан» үш ұпайға ұзап кетті

Шымкенттік клуб өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен сүріндірді.
Кездесу барысында петропавлдық клубтан Максим Чиканчи 24-минутта есеп ашты. Оған екінші кезеңде «Ордабасы» сапынан Асхат Тағыберген 59, Еркебұлан Тұңғышбаев 92-минутта екі голмен жауап қайырды.
Осылайша «Ордабасы» турнир кестесінде 42 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Нәтижесінде елордалық «Астанадан» үш ұпайға ұзап кетті.
Енді 23 шілдеде 18:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау), 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Мақтарал» (Түркістан) ойнайды.
Бұл турды 21:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Жетісу» мен «Ақсу» 1:1 «Жетісу» мен «Ақсу» 0:0 еесбімен тең түссе, «Ақтөбе» «Қайсарды» 1:0 есебімен сүріндірді.