20:58, 16 Қараша 2011 | GMT +5
«Ордабасы» футболшыларының әрқайсысы ОҚО әкімінің атынан 10 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды
МКЕНТ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Ордабасы» футбол командасын ҚР Кубогындағы жеңістерімен құттықтады.
Команданың әрбір ойыншысы әкім атынан 10 мың доллар көлемінде ақшалай жүлде мен грамоталарға ие болды. Ал команданың бас жаттықтырушысына аймақ басшысы 30 мың доллардың сертификатын табыс етті.
«Биыл футболға ерекше назар бөлінуде. Мысалы, бірінші лига командасы жасақталды. Сонымен қатар, ауыл балалары үшін аудандарда 441 футбол алаңдары ашылды. Келесі жылы облыс чемпионаты басталады. Бұл дегеніміз, әрбір ауданның өз футбол командасы болады деген сөз. Оның үстіне, алдымызда бұдан да жоғары мақсаттар тұр. Ол - еуропалық аренаға шығу. Біз тек жеңіс күтеміз», - деді аймақ басшысы.
Команданың келесі алар белесі - халықаралық деңгейдегі жарыстар. «Ордабасы» командасы Еуропа Лигасының іріктеу ойындарына жолдаманы жеңіп алған.