Ордабасыда «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ордабасы аудандық емхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Екі жұлдыз" өнер байқауын ұйымдастырып, жаңа қырларынан танылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Шараны ашқан аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков баршаны айтулы мерекемен құттықтап, денсаулық саласында атқарылған игілікті істерге тоқталды. Ауылдық округтерден және аудандық емханадан барлығы 8 жұп ән бәсекесінде бақ сынады. Алғашқы кезеңде патриоттық ән шырқаған сайыскерлер екінші кезеңде еркін тақырыпта жанына жақын жанрда ән әуелетті. Байқау нәтижесінде аудандық емханадан Ұ.Ережеев пен Ж.Қарғанбаева - бас жүлдені, Шұбар дәрігерлік амбулаториясынан Б.Лесбек пен Ә.Ауылбекова - І, Қараспан дәрігерлік амбулаториясынан С.Қалдаров пен Қ.Жексенбаева - ІІ, Қарақұм дәрігерлік амбулаториясынан Ж.Ибраев пен Қ.Ұрдабаева ІІІ орынды иеленді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Жылқыбай өнерімен ерекшеленген жұптарды ерекше атап өтті. Аудандық емхананың бас дәрігері Н.Абжапарова жүлдегерлерді Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат жасады.

Соңғы жаңалықтар