Өрескел заң бұзушылықтарға жол берген полиция қызметкерлеріне шара қолданылды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -Қала прокуратурасының жауапты қызметкерлері медициналық сауықтыру орталығында тұлғаларды әкімшілік жолмен қамауға алу заңдылығына тексеру жүргізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Тексеру барысында қамаудағы М.Кенбаев арызданып, онда полиция қызметкерлері өзін және досы Е.Алмерденовты қала орталығындағы Жеңіс көшесінің бойында спирттік ішімдік ішіп, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті деген желеумен сауықтыру орнына заңсыз қамағандығын айтқан.

Осыған байланысты прокуратура тарапынан олардың спирт ішімдігін тұтынған немесе тұтынбағандығын қайта анықтау мақсатында медициналық сараптама жүргізілді. Медициналық қорытынды олардың ішімдік ішпегенін анықтады. Нәтижесінде аталған әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаланың мамандандырылған әкімшілік сотында қаралып, М.Кенбаев пен Е.Алмерденовтың әрекеттерінде құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ол өндірістен қысқартылды.

Қалалық ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлері Е.Алтайбаев пен М.Құлбатыров және медициналық сауықтыру орнының фельдшер-наркологы Қ.Есмұханбетов өздерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарап, салдыр-салақ таныту салдарынан әлгі азаматтардың конституциялық құқықтарына нұқсан келтіріп, олар заңсыз сауықтыру камерасына қамауға алынған.

Осындай өрескел заң бұзушылықтарға жол берген қалалық ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлері Е.Алтайбаевтың, М.Құлбатыровтың және медициналық сауықтыру орнының фельдшер наркологы Қ.Есмұханбетовтың тәртіптік жауапкершіліктерін шешу жөнінде қалалық ІІБ-сы басшылығына ұсыныс енгізіліп, оларға тиісті шаралар қолданылды.

Соңғы жаңалықтар