Орынборда 12 мың үй су астында қалды, 7 мыңға жуық адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Орынборға Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағымен су тасқынынан қорғауға арналған су толтырғыш бөгеттер жеткізілді, деп жазады ТАСС.

ресей орынбор
Фото: Егор Алеев/ТАСС

«Тасқын суын азайту, тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарын су тасқынынан қорғау үшін Ресей ТЖМ-нің Ил-76 ұшағы Орынборға су құятын бөгеттер жеткізді», — деп хабарлады Ресей ТЖМ.

Жеткізілген бөгеттердің жалпы ұзындығы — 3 км.

ресей орынбор
Фото: Егор Алеев/ТАСС

Су толтыратын бөгеттер — композиттік пластик материалдардан жасалған қалың шлангтан тұрады. Оны тез орнатуға немесе жылжытуға болады.

Орынбор облысында 12 мыңнан астам үй мен 14 мыңнан астам шаруашылық телімі су астында қалды. 6,9 мың адам эвакуацияланды.

Аймақта федералды төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы мәліметтер бойынша Орынбор маңындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі 1000 см-ге жетті, деп хабарлады ТАСС агенттігіне қала әкімдігі.

Бұл көрсеткіш қауіпті мәннен 70 см жоғары.

Соңғы жаңалықтар