12:36, 01 Маусым 2013 | GMT +5
Өрісте жүрген малдарды сойып әкеткен ұрылар қолға түсті - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданының полицейлері өрісте жайылып жүрген сиырларды сойып әкеткен екі баукеспе ұрыны тап бастырмай ұстады.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 мамырда Қызылорда қаласының тұрғыны Сырдария ауданына қарасты Айдарлы елді мекенінде жайылып жүрген 2 бас сиырын белгісіз біреулердің сойып алып кеткендігі жөнінде арызданған. Жәбірленушіге 400 мың теңге шығын келген.
Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жайылымда жүрген малды сойып алып кеткен деген күдікпен Сырдария ауданының екі тұрғынын ұстады.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.