«Өркен-Атансор» ЖШС 500 адамды жұмыспен қамтып отыр

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданы аумағындағы «Өркен-Атансор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыспен қамтылған 500 жергілікті тұрғынның айлық табысы 68 мың теңгеден айналып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Өңірде осыдан бес жыл бұрын жұмысын бастаған кеніште ағымдағы жыл басынан бері 660 мың текше метр кен аршу жұмыстары атқарылып, 377 мың тонна кен өндірілді. Нәтижесінде теміртаулық тапсырыс берушілерге 199 мың тоннаның орнына 201 мың тонна темір кені жөнелтілді. Қоры 45,4 миллион тоннаға жететін кеніште ашық әдіспен темір кенін өндіру қарқыны жылдан жылға артып келеді. Алдағы уақытта байыту фабрикасын салуға 37 миллион АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тартылмақ. Мұның өзі қосымша жаңа жұмыс орнын ашып, бюджеттік төлемдерді молайтуға оң әсер ететін болады.
Соңғы жаңалықтар