Өркениетті ел болу үшін халқымыздың материалдық және рухани байлығы бірдей болуы тиіс - ҚР Президенті

АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Еліміздің 21 жылда жеткен жетістігі - бірлік пен жасампаздықтың және жалпы хал-ахуал мен тұрмыстың жақсылығының нәтижесі.
None
None

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы резиденциясында мәдениет, әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлеріне Президенттік стипендиялар мен сыйлықтарды табыс ету кезінде айтты.

«Болашаққа қарайтын болсақ, елдің жағдайы жақсы болу үшін бізге кино, мультфильм, проза, поэзия, драмалық туынды не музыкалық шығарма болсын, қай-қайсысы да ортақ бірлікте патриоттық пен жасампаздыққа тәрбиелеу керек. Ел тізгінін ұстағанда жөнді басқара алмасам маған серт, артымнан еріп, қолдамасаң халқым саған серт деп айтқам. 21 жыл бірге келе жатырмыз. Құдайға шүкір, саясатта, елді алдыға қарай алып жүруде үлкен кемшіліктер мен қателіктер жібергеніміз жоқ. Осының барлығы бірліктің арқасы», - деді Елбасы Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, 1974 жылы Қарағандыдан Алматыға қызметке ауысып келген кезде қазақтың Қазақстандағы ауқымы 39 пайыз болатын. Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялаған кезде бұл 41 пайызды құрады. 1994 жылдан бері елдің ұйтқысы болып, мемлекет құраушы қазақ ұлтының саны 4 миллионға өсіп отыр.

Соңғы жаңалықтар