16:59, 12 Тамыз 2024 | GMT +5
Орман өрті: Афины маңындағы елді мекендер көшірілді
АСТАНА. KAZINFORM – Грекияда орман өрттерімен күрес жүріп жатыр. Өртті сөндіруге 250 өрт сөндіруші, 12 ұшақ пен 7 тікұшақ жұмылдырылған, деп жазады Euronews.

Грекияда аптап ыстықтан орман өрті өршіп тұр. Афиныдан солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде бірнеше елдімекеннің тұрғындарын эвакуациялауға тура келді. Өртті сөндіруге 250 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Оларға ондаған еріктілер тобы қосылды.
Кейбір жерлерде жалынның биіктігі 25 метрге дейін жеткені хабарланды. Өртті сөндіруге 12 ұшақ пен 7 тікұшақ жұмылдырылған.
Осы жазда Грекияда 2 мыңнан астам орман өрті болды, оның ішінде қасақана өртеу себептері де бар.
Климаттық дағдарысты реттеу және азаматтық қорғау министрлігі өрт қаупінің жоғары деңгейі 15 тамызға дейін сақталатынын ескертеді.