Орман өрті салдарынан Шүлбі ГЭС-іне қауіп төнгені туралы ақпарат - жалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде пайда болған өрт Шүлбі ГЭС-іне жақындағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚРТөтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Абай облысының ТЖД бастығының орынбасары Алексей Штыкел бұл қауесетті жоққа шығарып, қазіргі уақытта ГЭС-ке нақты қауіп жоқ екенін атап өтті.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, күштер мен құралдар өрттің таралуын бақылайды», – деп атап өтті Штыкел.

«БАҚ пен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Азаматтарды дүрбелеңге түспеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз»,-делінген хабарламада.

Еске салайық, аздаған уақыт бұрын Семей қаласында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Абай облысындағы өртке қолда бар барлық ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар