17:47, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Орман өрттеріне қарсы күресуге әрдайым дайын болу керек - ҚР Үкімет басшысы
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Біз орман өрттеріне қарсы күресуге әрдайым дайын болуымыз керек». Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында Лебяжі ауданындағы «Ертіс орманы» табиғат қорығында өткен жедел отырыста ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай деп мәлімдеді.

Орман алқаптарын ылғи әуе патрульдері арқылы қадағалап, өрт сөндіру бойынша арнайы бригадалар кез келген сәтте тілсіз жауға қарсы күресуге дайын болуы тиіс. Шағын сыйымдылықтар емес, үлкен агрегаттар мен дөңгелекті арнайы цистерналар қажет.
Бір жөні болар дегендей сенімге иек артпай, тұрақты түрде алдын алу шараларын өткізіп, орманды қураған ағаштардан тазартып отырыңыздар.
Үкімет басшысы шекарадағы облыс әкімдеріне ресейлік аймақтармен табиғат апаттарына қарсы бірлесе күресу жөніндегі келісімге қол қою туралы тапсырма берді. «Ертіс орманындағы» қарағайлардың соңғы өртенуі шекарашылармен келіссөз өткізіп, тікұшақтарымыз бен арнайы техникалармыздың шекара сыртындағы өртті сөндіру үшін рұқсат алуына көп уақытымызды жоғалтпатынымызды көрсетті.