Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін «Селтикпен» қарымта ойын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» өз алаңында шотландиялық «Селтик» командасымен қарымта ойын өткізеді.

«Қайрат» бүгін «Селтикпен» қарымта ойын өткізеді
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл ойын 26 тамызда қазақстандық уақытпен 21:45–те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған ойында италиялық Маурицио Мариани бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Оған отандастары Даниеле Биндони мен Альберто Тегони көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Маттео Маркетти.

Алғашқы кездесуде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірген еді.

Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.

«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.

Қазірге дейін «Селтик» командасының еурокубок ойындарында қазақстандық клубтармен үш мәрте жолы түйісті.

Алдымен 2013 жылы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде қарағандылық «Шахтерді» (0:2, 3:0) орта жолда қалдырып, топтық кезеңге жолдама алды.

Ал елордалық «Астананы»2016 жылы Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде (1:1, 2:1), 2017 жылы плей-офф кезеңінде (5:0, 3:4) есебімен қапы қалдырды.

Соңғы жаңалықтар