Ормандағы көзге көрінбейтін жыртқыш камераға түсіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Сақ, епті әрі өте құпия тіршілік ететін сілеусін – орман әлемінің ең жұмбақ жыртқыштарының бірі.
Оны табиғатта кездестіру – нағыз сирек сәт.
Қалың орман арасында дыбыссыз қозғалатын бұл жыртқыш адам көзіне көп түсе бермейді. Оның өткір сезім мүшелері, мықты аяқтары мен айналасына үйлесетін реңі табиғатта байқалмай жүруіне мүмкіндік береді.
Осындай ерекше сәттер бізге жабайы табиғаттың көзден таса тіршілігін жақынырақ тануға жол ашады.
Орманның құпия тұрғынымен танысыңыз.
«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің Қарабұлақ орманшылығына қарасты Қайыңды сайында табиғаттың кішкентай әрі шапшаң тұрғыны – ақкіс бейнекамераға түсіп қалғанын жазған едік.