Орманшылар энергия құралдарымен және ұйымдастыру техникаларымен қаруланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орман аумақтарын күзетуді жүзеге асыратын Алматы облысы Сарқанд және Лепсі мемлекеттік мекемелерінің инспекторлары бүгінгі күнге дейін дала жабдықтары мен шалғайдағы қызметтік бекеттерді электрлендіру қажеттілігін сезініп келген болатын.
Сарқанд және Лепсі орман шаруашылықтарына қуаттылығы 2,4 КВт/сағат электр тогының 4 генераторы, дала жабдықтары - 20 ұйықтайтын қап (қысқы және жазғы) және 5 шатыр берілді. Сарқанд орман шаруашылығының басқару қызметін нығайта түсу үшін жабдықталған 1 компьютер және көпфункциялы құрылғы - ксерокс, сканер, Canon IR 1022A принтері алынды.
Сонымен қатар, Алматы облыстық аумақтық инспекциясының Талдықорған қаласы орман және аңшылық шаруашылығының табиғат қорғау және басқару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында заманауи HP 7010 проекторы берілді.