Өрмекші адамның хикаялары қазақша жалғасты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Өрмекші адам. Қайта оралу» фильмінің алдын-ала жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Өрмекші адам. Үйге оралу» - қазақ тілінде дубляж жасалған 21-ші фильм болса, Өрмекші адам супер қаһарманның шытырман оқиғалары жайлы қазақ тіліндегі 3-ші фильм.

Фильм үлкен экранға астананың туған күнінде орыс және қазақ тілдерінде шығады.

"Осы уақытқа дейін Өрмекші адам туралы 5 кино түсірілген екен. Түсірілім барысында тек қана кəсіби əртістер шақырылды. Ең басты кейіпкерлердің саны 6-7. Жалпы эпизодтарды қосқанда  40-45 адам дыбыстады. Шамамен 1 ай уақыт кетті. Бұл үлкен өндіріс ең алдымен шетелден арнайы материал алғызамыз. Оның құжаттарын реттеу бар.  Қазақ тілі бай болғандықтан аудармада еш қиындық туған жоқ", - деді дубляж режиссері  Шах-Мұрат Ордабаев.

«Өрмекші адам. Үйге оралу» Питер Паркердің Кек алушы болуы үшін қандай жолды жүріп өткені жайлы баяндайды. Жаңа фильмде Питер Паркер MARVEL кинематографиялық әлемінің басқа кейіпкерлерімен өз территориясында алғаш рет кездеседі.

Қазақ дубляжының режиссері мен мәтін салушысы Шах-Мурат Ордабаев болды. Бас кейіпкерлердің дауыстарын  Заңғар Әбенов (Питер Паркер), Асылбек Қапаев (Эдриан Тумс - Құзғын), Сая Тоқманғалиева (Өрмекші адамның костюмі), Нұркен Өтеулов (Тони Старк), Шах-Мұрат Ордабаев (Нэд), Мэй (Айнұр Бермұхамбетова) және басқа да актерлер дыбыстады.

Дубляжға барлығы 24 актер қатысты.

2011 жылдан бері 20 кинокартина қазақ тіліне аударылды. Осы уақыт аралығында 150 техникалық және шығармашылық маман, оның ішінде 4 режиссер, 158 актер, 11  музыкалық жетекші, аудармашылар Disney студиясының стандартына сай жұмыс істеп  үйренді.  Ең алғашқы болып Уил Смиттің «Қара киімділер-3» фильмінің жұлдыздары, Джонни Дептің «Жалғыз рейнджері», А. Джолидің «Малефисентасы» қазақша сөйледі. Көбіне балаларға арналған әлемдік шедеврлер  «Көліктер», «Батыл жүрек», «Моана», «Күлбике», «Монстрлар университеті», «Алиса», «Джунгли кітабы», «Малефисента», «Өрмекші-адам» қазақша дубляждалды.

Динара Шайжүнісованың айтуынша, жобаның арқасында Голливуд жұлдыздары Джонни Дептің (Берік Айтжанов), Анджелина Джолидің (Гүлназ Әуесбай), Уил Смиттің (Азамат Қанапия) дауыстарын дыбыстауға 6 жылға эксклюзивті құқығы бар. Сондай-ақ, Disney компаниясының дауыс базасында қазақстандық 100 актердің даусы сақтаулы. 2017 жылдан бері Disney студиясында дыбысталып келе жатқан қазақ тілді фильмдерде Apple TV Itunes Movies ресми қосымшасының видеохостингінде жазылған қазақ тілінде дыбыстық қосымша қойылған.

«Жоғары технологиялық дубляждың арқасында орташа құны 250 млн доллар болатын әлемдік блокбастерлер ұлттық өнімімізге айналды», - деді Д.Шайжүнісова.

Соңғы жаңалықтар