Ормуз бұғазындағы жағдай мұнай нарығын құлдыратты
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әлемдік мұнай бағасы 16 қазан таңертең төмендеді.
Brent, WTI маркалы мұнай мен ресейлік Urals мұнайы шикізат пен мұнай өнімдерін жеткізудегі қиындықтар аясында арзандады.
Сауда мәліметтеріне сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,56 долларға немесе 0,53%-ға төмендеп, барреліне 105,36 доллар болды.
Oilprice.com мәліметінше, WTI маркалы мұнай 0,68 долларға немесе 0,69%-ға арзандап, барреліне 97,29 долларға түсті.
Ал ресейлік Urals мұнайының бағасы 3,26 долларға немесе 2,76%-ға төмендеп, барреліне 114,89 долларға жетті.
Сонымен қатар Ормуз бұғазындағы жағдай мұнай өнімдері нарығына әсер етуді жалғастырып отыр.
Бұған дейінгі сауда-саттықта мұнай бағасы барреліне шамамен 2 долларға өскен еді. Нарық қатысушылары Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар аясында мұнай жеткізіліміне төнетін қауіп-қатерлерді, сондай-ақ Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу көлемін арттыру мүмкіндігін бағалап отыр.
Сондай-ақ мұнай бағасы құлдырап жатқанын жаздық.