Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 40-қа жуық ақмолалық жауапқа тартылды

өрт қауіпсіздігі
Фото: Ақмола облысы ТЖД

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 40-қа жуық адамға барлығы 1 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды.

Ақмола облысы ТДЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс бойынша орман алқабына жақын орналасқан ықтимал қауіпті учаскелерде 56 елді мекен, 17 балалар сауықтыру орталығы, 21 демалыс аймағы және 2 саяжай қауымдастығы бар.

Ақмола облысы ТЖД
Фото: Ақмола облысы ТЖД

«Табиғи өрттерді жою үшін 1 мыңнан астам адам, 262 бірлік техника және 6 өрт сөндіру пойызы бар күштер мен құралдар дайындалды. Бүгінгі таңда мобильді топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 39 адамды анықтады. Олар жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарытылды», - деді ведмстводан.

Ақмола облысы ТЖД
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Осы ретте, Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының орман өрті қаупі бар маусымға дайындығы мәз еместігін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар
telegram