Өрт салдарларынан 4 адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында бүгін түнде тұрғын үйден өрт шықты. Жалын аумағы 12 шаршы метрді шарпыды.
None
None

Оқиға орнынан бір ер адамның денесі табылған, екі адам құтқарылды.

Екі сағат бұрын Қарағанды қаласы Абай ауданы Абай қаласында бес қабатты тұрғын үй ішіндегі пәтер жанып кетті. Тілсіз жау 35 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан қаза тапқан үш адамның денесі табылды (жеке тұлғалары анықталмаған), ал көрші пәтердің үш тұрғыны газға уланып, ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар