Өрт шарпыған аумақтың ауданы 300 шаршы метрді құрады
деп хабарлайды ҚазАқпарат оқиға орнынан.
Олардың айтуынша, қазіргі кезде өрттің бір бөлігі ауыздықталды. «Атап айтқанда, өртті ауыздықтауда белгілі бір проблемалар туындап отыр. Яғни, бұл маңайда өртті сөндіруге арналған су гидранттары бар. Алайда, ондағы судың қысымы төмен. Сондықтан су біршама жетіспей тұр», дейді қызметкерлер.
Олардың сөзіне қарағанда ғимараттағы жұмысшылардың арасынан зардап шеккендер жоқ. Ғимараттағы негізгі қауіп төндірген екі кислород баллоны мен бір карбит бөшкесі сыртқа шығарылған. Ғимараттың жалпы ауданы 1400 шаршы метрді құрайды. Бұған дейін бұл ғимаратта әскери комиссариат жұмыс істеген. Кейіннен бұл нысан елорданың білім басқармасының иелігіне беріліп, оны балабақшаға айналдыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан еді. Сарыарқа ауданының әкімі Сабира Мұстафинаның айтуынша, 240 балаға арналған бұл балабақша биылғы жылы маусымның 25-інде тапсырылуы тиіс еді. Қазіргі кезде өртті сөндіру үшін 8 арнайы техника жұмылдырылып отыр. Өрт шарпыған аумақтың ауданы 300 шаршы метрді құрады.
Атап айтқанда, бұл құрылыс нысанында қазіргі кезде қаланың өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылған. Бұл балабақша Затаевич көшесі бойында, яғни К. Байсейітова атындағы опера және балет театрының маңында орналасқан.