Өрт сөндіруші кәсібін таңдаған өрімдей қыз

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Әйел - өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Нәзік жандылардың қоғамдағы, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Бүгінгі жаһандану кезеңінде әйелдер адамзат ұрпағын жалғастырушы ғана емес, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қозғаушы күшіне айналып отыр.

Нәзік жандылардың атқарушы билікте жемісті еңбек етіп қана қоймай, қандай қызметте болсын абырой мен табыс биігінен көріне отырып, уақыт көшінен қалмай, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен өнер салаларында дамуына зор үлес қосып келеді. Сондай жандардың бірі - әр кез сертіне адал, төзімді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің тылдың қамтамасыз ету тобының инспекторы Әсем Ахметова.

Сонымен қатар, Әсем тәуелсіздіктің құрдасы. 1991 жылы туған ол өзінің жастығына қарамастан бар өмірін құтқару саласына арнап отырған жайы бар. Құтқарушы болу қыз бала үшін оңай емес. Әсіресе, өрт сөндіру қызметін негізінен ер балалар таңдайды. Сондықтан еліміздегі өрт сөндірушілердің қатарында нәзік жандылардың болуы ерлікпен пара-пар.

«Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істегендіктен ұл ма, қыз ба қарамайды, үлкен жауапкершілік жүктеледі. Құтқарушының әрі қимылы адам өмірі үшін маңызды. Сол себепті, мен өзім таңдаған ауыр да, абыройлы қызметті мақтан тұтамын», дейді Әсем Ахметова. 

Соңғы жаңалықтар