Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты жазғы Универсиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясы спорттың бұл түрін келешекте жазғы Универсиада ойындарының бағдарламасына кіргізуге ұсынбақ. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының XIV халықаралық конференциясында айтылды.
None
None
«Барлық елдерде төтенше жағдайлар министрлігі желісіндегі оқу орындары көп. Студент жастар бұл спорт түрінен Бүкіләлемдік жазғы универсиадаға қатыса алады. Бұл біздің алдымызда тұрған басты мақсаттарымыздың бірі болып отыр. Өйткені біздің федерация жас және қарқынды дамып келе жатыр», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.
Соңғы жаңалықтар