Өрт сөндірушілерге Мәңгілік алауды өшіруге тура келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келеңсіз оқиға Вологда облысында орын алды. FlashNord порталының хабарлауынша, Чагода кентіндегі әскери мемориалға қойылған гүл дестелері отқа оранған.
None
None

Жарылыс болудан сақтанған жергілікті апаттан құтқару қызметі Мәңгілік алауға газ беруді шұғыл тоқтатты. Өрт салдарынан ескерткіштің қас беті қатты зақымданған. Бұған кінәлілер екі жеті жасар мектеп оқушысы болып шықты. Олар қызық көріп, мемориалдың баспалдақтарына қойылған жасанды гүлдерге от қойған. Кішкентай бұзықтар кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебіне қойылды. Ал олардың бірінің ата-анасы өз еркімен келтірілген шығынның орнын өтеді.

Соңғы жаңалықтар