10:39, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Орта арнаулы оқу орындары арасында өткен бизнес-жоба сайысында Павлодар қаласының машина жасау колледжі жеңіске жетті
ВЛОДАР. 16 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Ең үздік кәсіпкер» атауы бойынша сынға түскен Павлодар қаласындағы машина жасау колледжінің командасы облыстық сайыста жеңіске жетті, деп хабарлайды білім басқармасы.
3 кәсіби лицейдің және 6 колледждің командасына мүмкіндігі шектеулі адамдарды еңбекке тарту бойынша оқу жобасын жасауға ұсыныс жасалды.
Машина жасау, Қызыләскер аграрлық-техникалық және политехникалық колледждерінің оқушылары өздерінің қызықты ұсыныстарын ортаға салды.
Сайысқа қатысушылар менеджерлікті қамтамасыз ету және ұйымдастыру, логистика, логопед жұмысының инновациялық техногиясы бойынша оқу бағдарламасын әзірледі. Мүгедектерге көмек көрсететін фирма ашу, оларды қызмет көрсету саласына тарту қажеттігі де ұсынылды.
Енді машина жасау колледжі ҚР Білім және ғылым министрігі British Council және Human Capital Lead компаниясымен бірлесіп өткізетін «Ең үздік кәсіпкер» республикалық сайысында сынға түспек.