Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасы артатын болады - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта еліміздегі орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды тамақтандыру сапасы артатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрінің орынбасары Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, жаңадан енгізілген қағидалар мен ережелер бойынша бірінші кезекте тамақтың сапасына баса көңіл бөлінеді.

«Бұрын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілер ұсынылған бағаның арзандығы бойынша таңдалатын. Яғни, тендерде арзан баға ұсынғаны жеңіске жететін. Ал қазір байқауға қатысатын ұйымдардың тамақтандыру саласында тәжірибесі, сапа сертификаты, автокөліктері және ең бастысы, білікті мамандары болуы шарт» - деді өз сөзінде Есенғазы Иманғалиев.

Сонымен қатар енді қызмет көрсетушілерді мектептер өздері таңдайды. Атап айтқанда, мектептерде арнайы комиссия құрылады. Бес адамнан тұратын комиссия құрамына ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері енеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енген болатын.

Соған сәйкес, осы заң аясында «Білім туралы» ҚР Заңының 8 бабына орта білім білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауда құзыреттіліктің өзгеруіне байланысты толықтырулар енгізілді.

Сол бойынша жаңа қағидалар, талаптар әзірленді. Ол 2014 жылдың 1 маусымында күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар