Орта мерзімді кезеңде салық саясаты экономиканың шикізаттық емес секторының дамуын ынталандыруға бағытталады - С.Ахметов

АСТАНА.  5 қазан. ҚазАқпарат -  Орта мерзімді кезеңде салық саясаты экономиканың шикізаттық емес секторының дамуын ынталандыруға бағытталады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.

«Инфляцияны жоспарланған дәлізде тежеп тұру үшін ішкі нарықта бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру жалғасын табатын болады. Табиғи монополиялардың тарифін жоғарлату олардың инфляцияға шекті үлесін ескеру арқылы  жүргізіледі. Сондай-ақ, кедендік-тарифтік реттеу тетіктерін қолдану жалғасады», - деді С. Ахметов.

Оның сөзіне қарағанда, орта мерзімді кезеңде салық саясаты экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуды ынталандыруға, қолайлы инвестициялық және бизнес-ахуалды құруға, отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталады.

Соңғы жаңалықтар