Шетелдегі қазақ баспасөзі: Орталық Азия - Азия мен Еуропа арасындағы жаңа энергия тасымалдау жолы

Kazinform ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

а
Фото: parstoday.ir

2 миллиард текше метр табиғи газ қоры анықталды - CNR

Қытайда батыс өңірдің газын шығысқа жеткізу жобасы аясында жаңа ірі кен анықталды, деп хабарлайды Орталық халық радиосы ақпараттық порталы.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, 29 қараша күні алынған ақпаратқа қарағанда, Қытайдың мұнай және табиғи газ тобы Шыңжаңның Тарым мұнай алабында 10 мың метрлік аса терең бұрғылау технологиясын қолдану арқылы биыл ерекше тереңдікте орналасқан 27 газ ұңғымасын барлап шықты. Соның нәтижесінде жоғары қысымды газ ағыны атқылап, 2 миллиард текше метрден астам жаңа табиғи газ қоры анықталды.

2 миллиард текше метр табиғи газ қоры анықталды - CNR
Фото: mp.weixin.qq.com

Бұл табыс елдің энергия қауіпсіздігін нығайтуға маңызды үлес қосады және «Батыстың газын шығысқа жеткізу» жобасының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ осы аптада «CNR» басылымында «Ерекше үлкен көпірдің болат арқалығы сәтті біріктірілді» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

Орталық халық радиосы ақпараттық порталының мәліметінше, дүние жүзіндегі ең үлкен аттамалыққа ие болат доғалы көпір – Фэнлай Даси өзені үстіндегі ерекше үлкен көпірдің болат арқалығы 27 қарашада толықтай біріктірілді.

Айта кетейік, Чунцин Вулун-Лянцзян жаңа ауданындағы экспресс жолындағы Фэнлай Даси өзенінде орналасқан үлкен көпірдің болат арқалығының негізгі аралығы 580 метр.

2 миллиард текше метр табиғи газ қоры анықталды - CNR
Фото: mp.weixin.qq.com

Чунциннің Вулун ауданын Ляңцзян жаңа ауданымен байланыстыратын бұл көпір биік әрі терең шатқалдың үстіне салынған. Көпір төсемінің өзен деңгейінен биіктігі 310 метрден асады, бұл шамамен 100 қабатты ғимараттың биіктігіне тең.

Ташкентте ауа сапасын жақсартуға байланысты жүйелі жұмыстар жүргізілуде – ӨзА

Ташкент қаласында ауа сапасын жақсартуға байланысты шаңдануды азайту және экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы кең ауқымды шаралар жүйелі әрі тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Бұл туралы осы аптада «ӨзА» ақпарат агенттігі хабарлады.

Ташкентте ауа сапасын жақсартуға байланысты жүйелі жұмыстар жүргізілуде – ӨзА
Фото: ӨзА

Хабарламада айтылуынша, қала әкімдігі барлық аудандардағы орталық және ішкі көшелерді арнайы техниканың көмегімен тұрақты жуу жұмыстарын ұйымдастыруда. Жол бойларына орнатылған жасанды суару жүйелері толық қуатта іске қосылып, шаңның көтерілуін азайтуға және ауа сапасын жақсартуға айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Келтірілген деректерге сүйенсек, қалалық ортада шаң деңгейінің жоғарылауы кезінде ең тиімді және жедел шаралардың бірі – жол жабыны мен оған іргелес аумақтарды үнемі суландырып отыру. Бұл тәсіл ғылыми тұрғыдан дәлелденген және әлемнің бірқатар ірі мегаполистерінде ластану деңгейі күшейген уақытта кеңінен қолданылады.

Осыған байланысты Ташкент қалалық әкімдігі мен Абаттандыру басқармасы жолдарға су себу, жасыл аймақтарды қарқынды суару жұмыстарын күшейткен. Биылғы субұрқақтар маусымы аяқталғанына қарамастан, қаладағы барлық субұрқақтар мен шағын климаттық қондырғылар қайтадан іске қосылған.

Қазақстан Al Jazeera-мен бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді - Eurasia Today

Қазақстан Al Jazeera-мен жаһандық аудиторияны еліміздің бастамалары туралы хабардар етуге бағытталған бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді, деп жазады Eurasia Today ақпарат агентті.

«Eurasia Today»-дің хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров Al Jazeera халықаралық телекомпаниясының өкілі Хафез Әл-Ауамен кездесті.

Қазақстан Al Jazeera-мен бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді - Eurasia Today
Фото: eurasiatoday.ru

Кездесу барысында сұхбаттастар медиа саласындағы өзара іс-қимылдың даму перспективаларын талқылады.

Халықаралық ақпарат кеңістігін қалыптастыруда маңызды орын алатын шетелдік хабар тарату құрылымдарымен ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті.

«Eurasia Today» ақпарат агенттінің мәліметінше, А.Смадияров Қазақстанның Al Jazeera-мен ықпалдастықты кеңейтуге ашық екенін мәлімдеп, жаһандық аудиторияны еліміздің әлеуметтік-экономикалық үрдістері мен сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етуге бағытталған бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ Бішкек қаласынан шығатын «Eurasia Today» ақпарат агенттінде осы аптада «Иран әлеуметтік он робот жасап шығарды» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Аталған ақпарат көзінің дерегінше, Иранның Шариф атындағы технологиялық университеті әлеуметтік он робот жасап шығарды.

Қазақстан Al Jazeera-мен бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді - Eurasia Today
Фото: eurasiatoday.ru

Шариф атындағы технологиялық университетінің әлеуметтік және когнитивтік робототехника зертханасында әлеуметтік 10 робот жасалды.

Зертхана қазіргі таңда роботтың тағы жаңа үш үлгісін әзірлеу үстінде. Бұл туралы зертхананың басшысы Әлиреза Тахери ИРНА агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Әлеуметтік роботтардың жасалуы Шариф атындағы технологиялық университеттің 12 жылға созылған зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Зертхана басшысының айтуынша, соңғы 12 жылда «Араш-1 және 2», «Раса-1 және 2», «Табан-1 және 2», «Майя», «Армин», «Апо» және «Рома» сияқты 10 робот жасалған.

Тяньцзинь Теміржол транзиттік тобы Астана ЛРТ қызметкерлерінің екінші тобын кәсіби оқытты – «Халық газеті»

Жақында Тяньцзинь Теміржол транзиттік тобы Қазақстандағы Астана ЛРТ қызметкерлерінің екінші тобын кәсіби оқытты. Бұл кезекте 20 қызметкер Астанада Қытай маманының кәсіби дайындығынан өтеді.

Бұл туралы осы аптада Қытайдың «Халық газеті» басылымы хабарлады.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, кәсіби дағдыны меңгерту курсы - рельс желісі, электрмен жабдықтау, дабылды қосу, жүргізуді ұйымдастыру сияқты жеті негізгі бағытты қамтиды. Оқыту «Үш сатылы прогрессивті» модельді қолданады: бірінші кезеңде жергілікті орында 1 айлық қауіпсіздік техникасы мен теориялық оқыту жүргізіледі; екінші кезеңде Тяньцзиньде 3 айлық модельдеу және диспетчерлік жаттығулар өткізіледі; үшінші кезеңде Астанада мақсатты практикалық күшейтуді жүзеге асырып, кәсіби дағдыларды толық меңгеру қамтамасыз етіледі.

Тяньцзинь Теміржол транзиттік тобы Астана ЛРТ қызметкерлерінің екінші тобын кәсіби оқытты – «Халық газеті»
Фото: Халық газеті

Сонымен қатар осы аптада «Халық газеті» басылымында «Биылдың алғашқы он айында Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 8,9%-ға өсті» деген ақпарат жарық көрді.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Қытайдың Бас Кеден басқармасы өзінің ресми сайтында сейсенбіде жариялаған мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты тауар айналымы 39,755 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға өскен.

Деректер Қытайдың Қазақстанға экспорты сол кезеңде 24,001 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға ұлғайғанын көрсетеді; Қазақстан импорты 15,754 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың қазан айында Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты тауар айналымының көлемі 4,32 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қытайдың Қазақстанға экспорты 2,06 миллиард АҚШ долларын, ал Қазақстан импорты 2,26 миллиард АҚШ долларын құрады.

Орталық Азия - Азия мен Еуропа арасындағы жаңа энергия тасымалдау жолы - ParsToday

Еуропалық Одақ Орталық Азияның үш елімен жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы келісімдерге қол қойды, деп жазды ParsToday ақпарат агенттігі. 

ParsToday хабарлауынша, Брюссельде өткен Global Gateway саммитінде Еуропалық Одақ Орталық Азияның үш елі - Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанмен жаңартылатын энергия көздері мен жасыл сутегі инфрақұрылымын дамыту туралы келісімдерге қол қойды. Бұл ынтымақтастық Азия мен Еуропа арасында энергия тасымалдаудың жаңа бағыттарын құруға және аймақтың жаңа энергетикалық тәртіптегі геосаяси орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Ирандық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, бұл жолғы келісімдер Орталық Азияда жаңартылатын энергия көздері мен гидроэнергетика жобаларын дамытуға бағытталған. Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Дүниежүзілік банк қолдаған бұл бастама жасыл сутегін дамытуға және болашақ энергетикалық дәліздерді құруға жол ашады.

Мұнай мен газды өндіру және тасымалдау саласында ондаған жылдар бойы тәжірибесі бар Орталық Азияның энергетикалық инфрақұрылымы сутегіге көшуге мүмкіндік береді. 2024 жылы Бакуде өткен COP29 саммитінде Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжан жаңартылатын энергия көздерін, жасыл сутегі мен аммиакты өндіру, беру және саудалау саласында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ «Parstoday»-де «Ареф: Иран теңізге шығу жолы жоқ елдер үшін ең жақсы транзиттік бағыт болып табылады» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Бұл туралы Иранның бірінші вице-президенті айтқан.

Оның пікірінше, Иран ашық суларға қол жеткізе алмайтын құрлыққа шыға алмайтын елдер үшін ең жақсы транзиттік жол болады.

Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Реза Ареф Жетінші даму жоспары заңының транзит мәселесіне және елдің географиялық орналасуына ерекше назар аударғанына тоқталған. «Иранның транзиттік секторы көршілес елдермен және ортақ өркениет аймақтарымен экономикалық және коммерциялық пайда әкелуі мүмкін, сондай-ақ Иран ашық суларға қол жеткізе алмайтын құрлыққа шығу жолы жоқ елдер үшін ең жақсы транзиттік бағыт болады», - дейді Иранның бірінші вице-президенті.

Бірінші вице-президент транзиттің туризмді, мәдени және ғылыми қарым-қатынастарды дамытуда тиімді екенін атап өткен.

Лицей оқушылары CERN-де физика жобасымен тарихқа енді - TRT

Джаалоулу Анадолы лицейінің оқушылары Еуропалық Ядролық Зерттеу Орталығы ұйымдастыратын «Beamline for Schools» байқауында жеңімпаз атанған алғашқы түрік командасы болды. Байқау CERN-нің, яғни Женева жүрегінде орналасқан әлемнің ең ірі физика зертханасында өткен.

Лицей оқушылары CERN-де физика жобасымен тарихқа енді - TRT
Фото: TRT

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Бұл халықаралық жарыста бес команда ғана үздік атанды. Бірақ бұл жетістік салмағы үлкен. Атап айтқанда 72 елден 3 500 өтініш түскен болатын.

Айта кетейік, өздерін «PhysiCal» деп атаған команданың жобасы ядролық бөліну процесіне және осы процестің радиоактивті қалдықтардың әсерін азайту мүмкіндігіне бағытталған. Бұл жай теориялық жоба емес. Бұл – әлемдегі нақты мәселелерге шешім ұсынатын қолданбалы зерттеу.

Команда мүшесі 18 жастағы Баран Булуттекиннің айтуынша, олар бұл байқауға төрт жыл бойы арнайы дайындалған. Лицей жасындағы жастардың бұл ерекше табандылығы таңғалдырған.

Соңғы жаңалықтар