Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің 1-ракеткасымен кездесуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты.

Александр Бублик
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 40-ракеткасы, франциялық Александр Мюллермен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Бублик брейк жасай білді – 6:4.

Екінші сетте де қазақстандық спортшы 2:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді - 6:4.

Бір сағатқа созылған бәсеке барысында Бублик 11 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Мюллер 6 эйспен көзге түсті.

Қазақстандық теннисші 2023 жылы Галледе жеңімпаз атанса, өткен жылы екінші айналымнан аса алмаған еді.

Александр Бублик бұл жолы ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнер немесе рейтингіде 138-сатыдағы германиялық Янник Ханфманның қай жеңгенімен таласады.

Роллан Гаррос жарысында А.Бублик спорттық жолында алғаш рет ширек финалға дейін жетіп, онда Я.Синнерге жол берген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 17 жасар Әмір Омархановтың әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішке қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Путинцева Ноттингем турнирінде алғашқы қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.

 

Соңғы жаңалықтар