Орталық Азия Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезияны жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Вьетнамның Ханой қаласында әйелдер құрамалары арасындағы Орталық Азия Ұлттар лигасының үшінші кезең матчтары өтті. 

Орталық Азия Ұлттар лигасы
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Индонезияны 3:0 (25:17, 25:12, 26:24) есебімен сенімді түрде жеңді.

Ұлттық құраманың еншісінде қазір үш матчта үш жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандықтар Жаңа Зеландия мен Моңғолиядан басым түскен еді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен B тобында көш бастап тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Вьетнам астанасы Ханой қаласында волейболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан жеңісті жолын жалғастырғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар