Орталық Азиядағы ең әсем қала анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Oxford Economics Global Cities Index 2025 рейтингі бойынша Алматы Орталық Азиядағы ең үздік қала атанды.

Oxford Economics — экономикалық кеңес беретін тәуелсіз компания.
Компанияның 2025 жылғы жаңартылған жаһандық қалалар индексі бойынша құрылымдық күші, мүмкіндіктері жоғары қалалар бағаланды. Бағалау бес санаттағы бірқатар көрсеткіш бойынша жүргізілді: экономика, адами капитал, өмір сапасы, экология және басқару.
Дүние жүзіндегі 1000 қаланың тізімінде Алматы 258-ші орында тұр. Сонымен қатар, адами капитал санатында 64-ші орынға ие болды. Бұл ретте оңтүстік астана Орталық Азияда бірінші орында тұр.
Астана мен Шымкент қалалары да рейтингке еніп, сәйкесінше 276 және 534-орындарға орналасты.
Орталық Азия қалалары
- Алматы қаласы 258-орын
- Астана 276-орын
- Ташкент 471-орын
- Бішкек 498-орын
- Шымкент 534-орын
- Ашхабад 623-орын
- Душанбе 683-орын
Үздік ондық
АҚШ-тың бес қаласы әлемдегі үздік он қаланың қатарына енді.
- Нью-Йорк
- Лондон
- Париж
- Сан-Хосе
- Сиэтл
- Мельбурн
- Сидней
- Бостон
- Токио
- Сан-Франциско
Осыған дейін Алматының жаңа әкімі қала тұрғындарына үндеу жасағанын жаздық.