Орталық Азияның және Қытайдың БАҚ өкілдері қазақстандық кәсіпорындарды аралады

АСТАНА. KAZINFORM – Орталық Азия-Қытай медиасының «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы бірлескен баспасөз туры мәресіне жетті.

Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао

Қытайлық «Жэньминь жибао» газетінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар іс-шарада «Жэньминь жибао» газетінің халқаралық бөлім журналистері де болды. 

Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао

Бір аптаға жалғасқан іссапарда Орталық Азия және «Жэньминь жибао» газетінің журналистері Қазақстандағы қытайлық инвестиция салынған жобаларды аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты. Атап айтқанда, БАҚ өкілдері ең әуелі Алматы қаласында орналасқан «Qazpost – YTO» ЖШС сұрыптау орталығына ат басын тіреді. 

Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао

Экскурcия кезінде тәжікстандық әріптесіміз Анушервон Расулов өз елінде осындай орталықтың ашылғанын қалайтынын жеткізді. 

– Қазіргі таңда елімізде интернет саудасы жақсы дамыған. Өз басым қытайлық электронды сауда платформасынан қажетті нәрселерімді аламын. Қазақстанға тауарлар жылдам жеткізіледі екен. Ал осындай заманауи орталық жұмыс өнімділігін арттырып қана қоймай, халыққа барынша сапалы және ыңғайлы қызмет көрсетеді екен, - деді ол. 

Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао
Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапары аясында «Қазпошта» АҚ мен YTO Express Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар 2024 жылы 2 шілде күні елордада өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің жетінші отырысында «Қазпошта» АҚ және YTO Express бірлескен кәсіпорнының құрылтайшылық шартына қол қойып, «Qazpost – YTO» ЖШС жұмысын бастады. Ынтымақтастық аясында «Қазпошта» АҚ-ның Алматы қаласындағы сұрыптау орталығы жаңғыртылып, жаңа техникалармен жабдықталған.

Орталық Азия және Қытай БАҚ өкілдері Маңғыстау облысындағы «Қаражанбас» кен орнындағы ілеспе қабат суын тұшыту зауыты және Caspi Bitum зауыты жұмысымен танысып қайтты. 

Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао

Өзбекстандық журналист Абдувохид Ачилов «Қаражанбас» ілеспе қабат суын тұшыту зауытының мұнай-газ саласындағы маңыздылығын атап өтті. 

– Менің ойымша, зауыт жұмысы мұнай өндіру және экологиялық ортаны қорғауда өте маңызды. Маңғыстау обылысы тұшы суға өте мұқтаж екенін байқадым. Ал мұнай өндіру саласында өндірістік су көп мөлшерде қажет болып отыр. Сол себепті, жерасты суын тазалап, қайта пайдалану дұрыс шешім, - деді ол.

Зауыт өкілдерінің айтуынша, нысанның ауданы – 36 000 шаршы метр, өндірістік қуаты күніне – 17 000 текше метр. Қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы мұнай кен орнындағы ең ірі жоба саналады. Сынақ режимінде іске қосылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін зауытта 10 миллион текше метр су тұшытылды.

Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао
Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао

Сондай-ақ баспасөз туры Солтүстік Қазақстан обылысының Тайынша ауданында орналасқан Memolux ЖШС кәсіпорнында жалғасты.

Кәсіпорын қазіргі уақытта қытайлық «Сиань Ай Цзюй» корпорациясымен бірлесіп бидайды терең өңдеу жобасын іске асырып жатыр. Қазіргі уақытта, зауыт жылына 200 мың тонна ұн және 300 мың тонна жемшөп ұны, 20 мың тонна кеспе өнімдерін өндіреді.

«Сиань Ай Цзюй» корпорациясының Қазақстандағы бас директоры Фан Лунфейдің айтуынша, қытайлық нарықта Қазақстанда өндірілген «жасыл» ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жоғары. 

– Біз барлық өнімімізді Қытай нарығына бағыттап отырмыз. Қытай халқы ұн өнімдерін көп тұтынады. Сол себепті ұн өнімдерінің сапасына жақсы көңіл бөледі. Ал біз қазақстандық серіктестерімізбен бірлесіп, жоғары сападағы өнімдер өндіріп жатырмыз. Қытай нарығындағы сұранысымыз өте жақсы, - деді бас директор.

Сапар аясында БАҚ өкілдері Саран қаласындағы Yutong жолаушылар автобусын шығаратын QazTehna зауытына барды. Саран қаласының әкімі қаланың даму жоспарымен таныстырып, Қытай инвестицясының маңыздылығына тоқталды.

Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао

Ал Өзбекстан және Қырғызстан журналистері QazTehna зауытының өз елдеріне Yutong жолаушылар автобусын экспорттау мүмкіндігін сұрады.

Баспасөз турының соңғы күнінде Орталық Азия және Қытай журналистері 
Алматы қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап, Шымбұлақ пен Қайыңды көлінің әсем көрінісін тамашалады.

«Жэньминь жибао» газеті халқаралық бөлімінің басшысы У Леджюн Орталық Азия мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып жатқанына тоқталды. 

– Бұл газетіміздің Орталық Азия елдерінің БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізіп жатқан алғашқы баспасөз туры. Біз Орталық Азия елдеріндегі әріптестеріміздің шарамызға белсенді қатысып жатқанына шын жүркетен қуаныштымыз. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында елдеріміз арасындағы байланыс қарқынды дамып жатыр. Ақпарат саласының қызыметкері ретінде біз осы жетістіктерді халыққа жеткізуіміз керек деп ойлаймын, - деді ол. 

Жэньминь жибао
Фото: Жэньминь жибао

Сондай-ақ қытайлық басылым басшысы не үшін Қазақстанда баспасөз турын ұйымдастырғанын айтты. 

– Қазақстан – «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ең белсенді және маңызды қатысушысы. Қазіргі таңда екі ел кәсіпорындары табысты ынтымақтастық орнатты. Екінші кезекті Қытай – Орталық Азия саммитінде осы жетістіктерді өз көзімізбен көрсек деген басты мақсат болды, - деп қортындылады У Леджюн ханым. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан және Қытай журналистерінің бірлескен баспасөз туры өтті.

Соңғы жаңалықтар