Орталық мемлекеттік органдар бәсекелестік туралы заң талаптарын орындамайды - Бәсекелестікті дамыту агентігі

документы
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін мемлекеттік органдар тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимылдардың жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Мемлекеттік органдардың экономиканың тиісті салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қабылдау және бәсекелестікке теріс әсер ететін іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасамау міндетіне қарамастан, олардың кейбіреулері Кәсіпкерлік кодекстің нормаларын елемеуді жалғастыруда.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өз кезегінде ақпараттандыру нысандарын интеграциялау қағидаларында кемінде 100 000 пайдаланушының болуы туралы талапты белгілеу арқылы жаңа жобалар үшін «цифрлық құжаттар» сервисіне қолжетімділікті шектеді. Осыған байланысты Агенттік осы норманы алып тастау туралы ұйғарым шығарды, ол сәтті орындалды.

Сонымен қатар, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қатысты бәсекелестікті шектеу және Жер қойнауы қорын мемлекеттік басқару бағдарламасына Жер қойнауы учаскелерін қосудан бас тарту және қол қою бонустарының жоғары мөлшерімен аукциондар өткізбеу арқылы белгілі бір нарық субъектісіне артықшылық беру фактісі бойынша тергеу аяқталды.

Жалпы алғанда, бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша 2023 жылы 71 хабарлама шығарылды, 21 тергеу аяқталды.

Орталық мемлекеттік органдар, атап айтқанда өткен жылы монополияға қарсы орган қаржы, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің қызметін пысықтаған.

Соңғы жаңалықтар