Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ықпалдастық әлі өз деңгейінде жүргізілмей отыр - Е.Ыдырысов

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Орталық Азия елдері арасындағы ықпалдастық әлі өз деңгейінде жүргізіліп отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен дәріс барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
None
None

«Аймақтық ішкі сауда, көліктік қарым-қатынас, біздің мемлекеттердің жеке сектор арасындағы әріптестік әлі өз деңгейіне жеткен жоқ. Сондықтан біздің орталықазиялық бағыттағы мақсатымыз - экономикалық қарым-қатынастарға серпін беретін жағдайларды қамтамасыз ету. Әзірше онда серпін көре алмай отырмыз. Орталық Азиядағы мемлекеттердің әрқайсысы қазір өзге елдермен тек сауда-саттық жасап, экономикалық байланыстар орнатуда. Бұл ахуалды өзгерту қажет», - деді Е.Ыдырысов.

Оның айтуынша, экономикалық қарым-қатынасты мейлінше дамыту арқылы ғана берік саяси байланыстарды орнатуға болады. Бірақ мұндай байланыстар жетілдіруді талап етеді.

«Орталық Азия мемлекеттері ортақ тілге, ортақ тарихқа, ұқсас мәдениетке иеміз. Тәжікстаннан басқа барлығы - түркітілдес халықтар. Бізде өңірлік экономиканы дамытуға үлкен әлеует бар», - деп түйді сөзін министр.

Соңғы жаңалықтар