Орталық Азия елдері аймақтық су қорын тиімді пайдаланып отырған жоқ - Төлеген Сәрсембаев
Оны Еуразия даму банкінің Талдау басқармасының сарапшысы Төлеген Сәрсембаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
"Қазір аймақтағы елдер сауда-экономикалық қарым-қатынаста өз әлеуетін толық пайдаланып отырған жоқ. Тиімділікті елеп-ескерместен тауар мен қызмет түрін ұсынуда, әр ел өзіндік экономикалық саясатты ұстанып келе жатыр. Бұл аймақтағы сумен және электрмен қамтамасыз ету мәселерін күрделендіре түсуде", - дейді Төлеген Тәжібайұлы. Орталық Азиядағы ірі өзендердің бәрі халықаралық ағын сулар. Аймақта Қазақстанан өзге елдер өзінің астыққа деген сұранысын қамтамасыз ету үшін оны суармалы жерде өсіруге мәжбүр болып отыр. Жалпы 1 тонна астықты өсіру үшін орта есеппен 10 мың текше метр су керек екен. Егер дүниежүзінде ең ірі бидай экспорттаушы саналатын Қазақстанмен көрші елдер өзара тіл табысатын болса олар аймақтық су қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік алады. Сол себепті су мен энергетика мәселесіне халықаралық қаржы институты ерекше мән беріп, инвестициялық сяасатында басым бағыттардың қатарына қосып отыр.