Орталық Азия елдеріндегі АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиялық жағдай қалыптасып отыр - UNODS өкілдері

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Орталық Азияның алты елінде АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиялық жағдайда өсіп келе жатыр. Сондықтан бұл елдердің мемлекет басшылары мен парламенті бұл жағдайға тез арада шара қолдануы тиіс.
None
None

Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азия мен Әзірбайжанның әлсіз топтарын АҚТҚ/ЖҚТБ -дан қорғау және емдеудің қолжетімділігі» атты кеңес барысында БҰҰ-ның Орталық Азиядағы нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODS) өкілдері осындай мәлімдеме жасады.

UNODS өкілдерінің айтуынша, бұндай шешім Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның АҚТҚ/ЖҚТБ-дан қорғау, алдын-алу, емдеу бағытындағы ұстанған саясаты мен заңнамаларын сараптау туралы баяндама дайындау барысында туындаған. «Баяндама дайындау барысында анықталғандай заңнамалар мен оны жүзеге асыру тәжрибесіне бірқатар түзетулер енгізу қажет. Мысалы кейбір елдерде қабылданған заңнамалар есірткі қолданушылар мен сотталушыларға қатысты қабылданған бағдарламаларға кедергі келтіруде»,- дейді UNODS-тің Орталық Азиядағы аймақтық үйлестірушісі Нина Керими.

Оның айтуынша осындай қайшылықтар нәтижесінде бұл аймақтарда жаңа инекцияның саны күн сайын өсуде және бұл инекциялық есірткіні қолдану есебінен артып отыр. «UNODS мәліметтері бойынша 2000-2008 жылдары аралығында Орталық Азия елдерінде АҚТҚ/ЖҚТБ инфекциясын жаңадан жұқтырғандар саны 11 есеге артқан. Бұл нақты сандардан әлдеқайда төмен болуы да мүмкін. Бұл есірткі қолдану есебінен ұлғайып отыр. Өкінішке орай Орталық Азия елдерінде нашақорлыққа шалдыққандардың денсаулығын қорғау шаралары аз, әрі нәтижесіз болуда. Сондықтан заңнамаларды жетілдіру мен оны жүзеге асыруда қадағалау қажет. Бірақ бұл ретте заң мен жазаны қаттайту қажет деген түсінік тумауы қажет. Бұл жағдайды одан әрі ушықтырады. Мысалы, есірткімен байланысты қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалаудың балама түрлерін көбейту қажет. Қылмыстық іс қозғауға негіз болатындай есірткі заттарының мөлшерін көбейту керек. Өйткені қазір өте кішкентай мөлшердегі есірткі үшін ұзақ мерізімге сотталып жатады. Бұның салдарынан есірткіні тұтынушылар азайып отырған жоқ. Керісінше нашақорлықтың үдеуімен қатар АҚТҚ/ЖҚТБ-ға шалдыққандар саны артып барады»,- деді Н.Керими.

Ол бұл ретте баяндама қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің басшылары мен парламенттеріне 60-тан астам ұсыныс дайындалғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар