Орталық Азия елдерінің астананаларында сайлау учаскелері ашылды

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бішкек, Ташкент, Ашхабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық Азия елдерінің  астананаларында сайлау учаскелері ашылды

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған болатын.

Бүгін 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Сонымен қатар, ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті, Қазақстан азаматы - АделинаАлпамыс болды.