«Орталық Азия - Қытай» газ құбыры Қытай үшін газ импортын әртараптандыруда маңызды рөл атқарады - «Синьхуа» агенттігі

БЕЙЖІҢ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - «Орталық Азия - Қытай» газ құбырының құрылысын екі мемлекет басшысы ынтымақтастықтың стратегиялық жобасы ретінде қарастырады, оның Қазақстан үшін газ экспортын, ал Қытай үшін - газ импортын әртараптандыруда маңызы зор».
None
None

Бұл туралы аталған газ құбырының Алматыдан 40 шақырым жерде жұмыс алаңында газ құбыры желісінің алғашқы бөлігінде дәнекерлеу жұмыстары аяқталуына байланысты салтанатты шарада Қытай халықтық мұнай корпорациясының бас директорының орынбасары Ван Дунцзинь айтты. «Синьхуа» агенттігі бүгін бұл жоба  энергетика саласында Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түскенін және екі халық арасындағы дәстүрлі достықтың символы болып табылатынын атап көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.     

«Синьхуа» агенттігінің атап көрсетуінше,  «Орталық Азия - Қытай» газ құбыры Қытайдың алғашқы трансшекаралық энергетикалық арнасы болмақ. Қытай аумағында бұл газ құбыры салынып жатқан «Батыс-Шығыс» газ құбырының екінші желісімен қосылып, біртұтас үлкен энергетикалық торап құрады, ол үш орталықазиялық мемлекеттер арқылы өтіп, Қытай аумағында түйісіп, оның батысынан шығысына дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар